Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
e.taszhurekov@kostanay.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Тасжүреков Ербол Қуанышұлы
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  вице-министрі қызметін атқарған.

1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:

  • экономист;
  • заңгер;
  • мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;
  • мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.

Мыналарды:

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;
  • Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;
  • Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.

Еңбек қызметі:

  • 1998-2001 жылдары - «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;
  • 2003-2007 жылдары - «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
  • 2007-2013 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
  • 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;
  • 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;
  • 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі;
  • 2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Карьера
  1. Қамтамасыз етеді:

- Қостанай облысының аумағында экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншік пен тұрғын үй қорын басқару, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар салаларында мемлекеттік саясат пен өңірлік бағдарламалардың уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Қостанай облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды;

- жетекшілік ететін бағыттар бойынша заңдардың, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Президент актілерінің, апелляциялық, кассациялық, жеке шағымдардың жобаларын келісуді.

  1. Ұйымдастырады:

-  әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін бюджет жобасын әзірлеу, уақтылы және сапалы жоспарлау жөніндегі жұмыстарды;

- бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі жұмыстарды;

- коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару жөніндегі жұмыстарды;

- мемлекеттік сатып алуды өткізу, уәкілетті органмен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстарды;

- еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласының өзге де шараларын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды;

- сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсету, халықтың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды.

  1. Үйлестіреді:

- экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;

- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.

  1. Басшылықты жүзеге асырады:

- экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.

5. Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты