Федоров ауданы әкімдігі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық комитеті және «Федоров ауданының кәсіпкерлер және фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық келісім

Федоров ауданы әкімдігі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық комитеті және «Федоров ауданының кәсіпкерлер және фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған  аудандық келісім

Федоров ауданы әкімдігі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық комитеті және «Федоров ауданының кәсіпкерлер және фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған

аудандық келісім

 

Әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері әлеуметтік әріптестікті нығайту және дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылатын Тараптардың әрқайсысының (мемлекет, жұмысшылар мен жұмыс берушілер) мүдделерінің теңгерімділігіне қол жеткізу, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамдық келісімді нығайту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның мүлтіксіз сақталуын мойындай отырып, өкілдіктің теңбе-теңдігі мен тең құқықтық, қабылданған міндеттемелерді орындау үшін өзара құрмет пен қабылданған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершілік пен сындарлы өзара іс-қимыл принциптерін басшылыққа ала отырып, бұдан әрі Тараптар деп аталатын Федоров ауданы әкімдігі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық комитеті және «Федоров ауданының кәсіпкерлер және фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – жұмыс берушілердің өкілдері)  әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 2024-20206 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды  реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2024-2026 жылдарға арналған осы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.

 

I-бөлім

Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту

Тараптар бірлескен күш жұмсауға міндеттенді, олар мынаған бағытталған:

         1.1. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны құруға ықпал етуге;

         1.2. Заманауи озық технологияларды енгізу есебінен отандық экономиканың дәстүрлі базалық салаларының бәсекелестік артықшылықтарын кеңейтуге;

         1.3. Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеуге;

         1.4. Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

         1.5. Экономика салаларын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға;

         1.6. Шетелдік озық технологиялар трансферттеріне және әлемдік жоғары өнімді компанияларды тартуға жәрдемдесуге;

         1.7. Бизнесті және халықты экономиканы технологиялық жаңғыртуға жедел тарту үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға;

         1.8. Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың кірісінің төмендеуіне жол бермеу үшін еңбек ресурстарының құзыреттілігін арттыруды және кәсіпорындардың, салалардың және өңірлердің ішінде және олардың арасында кадрлардың икемді ауысуын қамтамасыз етуге;

         1.9. Экономика салаларын технологиялық жаңарту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ынталандыруға;

         1.10. Инвесторлардың мемлекетпен өзара іс-қимылын реттеуді жаңғырту есебінен инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға уағдаласты.

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

         1.11. Қажеттілік болған жағдайда инновациялар және инвестициялар тарту мәселесі бойынша әзірленетін және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізілсін.

         1.12. Экономиканы жаңғырту аясында ірі кәсіпорындармен Жол карталарын жасасу және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек мобильділілігі және еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшін жағдай жасау.

 

      Федоров ауданы  жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         1.13. Инновациялар және инвестиция тарту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу.

         1.14. Озық технологияларды енгізуді ескере отырып, әсіпорындардға негізгі құралдарды жаңартуды жүргізуге жәрдемдесу.

         1.15. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға, оның ішінде әлеуетті босатылатын кадрлардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз ету бойынша көмек шараларын көрсету арқылы ықпал ету.

 

       Федоров ауданы жұмысшыларының өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         1.16. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін:

         - еңбек ұжымдарының арасында экономиканың технологиялық жаңаруымен байланысты еңбек нарығындағы сын-тегеуріндеріндер туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

         - өндірісті технологиялық жаңғырту (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру) аясында еңбек нарығында шиеленісті бәсеңдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға ықпал ету.

 

II бөлім

Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту

 

Тараптар бірлескен күш жұмсауға міндеттенді, олар мынаған бағытталған:

 

         2.1. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға;

         2.2. Бизнесті ашу және жүргізу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін төмендетуге;

         2.3. Кәсіпкерлік бостандық және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік сөзбайласудың алдын алуға;

         2.4. Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуге, экономиканың тиімді жеке секторын құруға және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға.

 

Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

         2.5. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамтудың мемлекеттік бағдарламаларын тиімді іске асыруға жірдемдесуге;

         2.6. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға;

         2.7. Бизнес-ортаны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         2.8. Бизнесті реттеуді азайту бойынша бірлескен жүйелік шараларды қабылдау.

         2.9. Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.

         2.10. Жағдай мен қалыптасқан тәжірибеге сүйене отырып, бәсекелестік мәселелері жөнінде ҚР қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша Тараптардың келісілген ұсыныстарын енгізу

         2.11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту кезінде «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес қабылданған шешімнің осы тауарларға баға белгілеуге әсеріне мониторинг және талдау жүргізу.

 

        Федоров ауданы  жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         2.12. Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою және бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдерімен жалпы іс-шаралар өткізуге бастамашылық жасау.

         2.13. Кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық актілердің жобаларына сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына сындарлы ұсыныстар енгізу.

 

       Федоров ауданы жұмысшыларының өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         2.14. Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.

 

III бөлім

 

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу

 

Тараптар бірлескен күш жұмсауға міндеттенді, олар мынаған бағытталған:

        

         3.1. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың                   2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында сапалы жұмыс орындары, жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасауға;

         3.2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.;

         3.3. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыруға;

         3.4. Еңбек ұтқырлығы мен көші-қонды ынталандыруға, еңбек қатынастарын заңдастыру және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлерінде әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту жағдайларын болдырмауға, еңбек жағдайларын сақтамау фактілеріне жол бермеуге, біліктілігі бірдей болған кезде тең еңбек үшін еңбекақы төлеудегі диспропорция.

         3.5. Шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғауға.

 

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

 

         3.6. Жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіру, оның ішінде жұмыспен қамтуды заңдастыруды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдауға;

         3.7. Білім беру жүйесінің мазмұнын кәсіптік стандарттардың негізінде экономиканың даму қажеттіліктеріне орай бейімдеуге және еңбек ресурстарының құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауға;

         3.8. Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіптік дамуын, кәсіптік дайындығын және қадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға;

         3.9. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді пайдалануға уағдаласты.

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         3.10. Тараптардың пікірін ескере отырып, еңбек нарығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге Тараптарды тарту;

         3.11. Жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарламаларды жалпы үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыру;

         3.12. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеугежәне қосымша жұмыс орындарына құруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру;

         3.13. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөнінде Тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

         3.14. Еңбек нарығы бойынша жан-жақты толық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру;

         3.15. Жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру;

         3.16. Жұмысшылар өкілдерінің қатысуымен еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды арттыру жөнінде шаралар қабылдау.

 

        Федоров ауданы  жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         3.17. Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға және кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бизнестің қатысуына ықпал ету;

         3.18. Кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесін енгізуге және тәлімгерлік институтын таратуға жәрдемдесу;

         3.19. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу;

         3.20. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысу;

         3.21. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тартуға жәрдемдесу;

         3.22. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

         3.23. Ірі кәсіпорындарда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру жөніндегі жол карталарын әзірлеуге әкімдіктерге көмек көрсету.

 

       Федоров ауданы жұмысшыларының өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         3.24. Салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу және «өмір бойы оқыту» қағидатын іске асыру үшін жұмыскерлерді өзін-өзі дамытуға ынталандыру;

         3.25. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу;

         3.26. Лайықты өмір жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін әзірлеуге, қалыптастыруға және мониорингілеуге қатысу;

         3.27. Еңбек шарттарын жасасу, Тараптар белгілеген еңбек шартының талаптарын өзгерту кезінде, оның ішінде жұмыскерлерді босату, еңбек қызметі процесінде жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар беру кезінде, сондай-ақ ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;

         3.28. Жастар еңбек жасақтарының жұмысы үшін уақытша және маусымдық жұмыс орындарын ұсынуға жәрдемдесу;

         3.29. Еңбек қатынастарын заңдастыру жөнінде кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

IV бөлім

Адами капиталдың сапасын жақсарту

 

Тараптар бірлескен күш жұмсауға міндеттенді, олар мынаған бағытталған:

 

         4.1. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін:

         - аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу;

         - денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру;

         - медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жаңғырту арқылы жаңғыртуға;

         4.2. Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту, оның ішінде:

         - халыққа арналған ең төменгі әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған өмір сүру сапасын және толықтай әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын арттыру;

         - әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету  саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

         - нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі дамыту;

         - халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылықты күшейту;

         - арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігін және сапасын күшейтуге.

 

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

 

         4.3. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесуге;

         4.4. «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету және қашықтағы, ауылдық өңірлердегі білім алушылар үшін оқу жағдайын теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасауға;

         4.5. Өңірдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартуға жәрдемдесуге;

         4.6. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтуге және білім беру саласына жеке инвестицияларды тартуға;

         4.7. Ғылыми зерттеулер мен технологиялардың нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайдың жасалуына ықпал етуге;

         4.8. Педагог кадрлардың беделін көтеруге және оларды ынталылығын арттыруға;

         4.9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық және білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге;

         4.10. Деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге;

         4.11. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

         4.12. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын анықтау әдістемесін жетілдіруге ықпал етуге;

         4.13. Қалыптасқан практиканы зерттеуге және әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындауға;

         4.14. Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың сапасын жетілдіруге;

         4.15. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін қиыстыруға;

         4.16. Мүмкіндіктерге қарай Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары, оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тісті протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.);

         4.17. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

         - ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге;

         - балаларды күтуді және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді теңдей құқықтарда қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         4.18. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және ақпаратты дербес іздеу дағдыларын дамытуға оқу бағдарламаларының мақсатты бағытталуы жөніндегі шараларды іске асыру;

         4.19. Қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту;

         4.20. Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету;

         4.21. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы кәсіптік білімі жоқ адамдарды тегін білім берумен қамтамасыз ету;

         4.22. Белгіленген экономика аясында жаңа өндіріс мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндегі шараларды іске асыру;

         4.23. Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген нақты қажеттілікті ескере отырып, кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және білім беру бағдарламалары мазмұнының кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

         4.24. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға бәсекелестікті дамыту үшін тең жағдай жасау;

         4.25. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың әлеуметтік осал топтарының қатысуын қамтамасыз ету;

         4.26. Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

         4.27. Әлеуметтік кепілдіктерге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету:

         - атаулы әлеуметтік көмек көрсету және халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау арқылы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру жөнінде;

         - әлеуметтік төлемдер көздерін әртараптандыру есебінен барлық деңгейдегі жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру жөнінде.

         4.28. Аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

         4.29. Әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін халықты:

         - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау;

         - әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтау үшін жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық төлеу);

         - еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандырумен барынша қамтуды қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жұмысттарын жалғастыру.

 

       Федоров ауданы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         4.30. Мамандандырылған салалық дағдылары мен жоғары біліктілігі бар кадрларды даярлауға, жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

         4.31. Ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішінде оқытуды, сондай-ақ жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды дамытуға ықпал ету;

         4.32. Адамның мүмкіндігін және еңбек ету қабілеттілігін арттыру бойынша саясатты және практиканы әзірлеп, пайдалану арқылы адами капиталдың дамуына ықпал ету;

         4.33. Жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасу кезінде олардың кәсіподақ мүшелігіне кіруіне және кәсіподақ қызметіне қатысуына кедергі жасамайды.

 

      Федоров ауданы жұмысшыларының өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         4.34. Өмір бойы үздіксіз білім алу бойынша білім беру жүйесінің беделін арттыру және білім беру мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру іс-шараларын жүргізу;

         4.35. Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

         4.36. Әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнама негіздерін түсіндіру жөнінде бірлескен семинарлар өткізу;

         4.37. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін енгізу жөнінде жұмыс жүргізу.

V бөлім

Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

 

Тараптар бірлескен күш жұмсауға міндеттенді, олар мынаған бағытталған:

 

         5.1. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге;

         5.2. Жұмыскердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде жағымды еңбек жағдайларын жасауға;

         5.3. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға;

         5.4. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің және еңбектің қорғалуын сақтауды ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға;

         5.5. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға;

         5.6. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

         5.7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге;

         5.8. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға;

         5.9. Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге, оның ішінде гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар мәселелері бойынша кәсіпорын басшыларын оқытуды ұйымдастыру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жоюға жәрдемдесуге.

 

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

 

         5.10. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара                  іс-қимылын жүзеге асыруға;

         5.11. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіптердің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кәсіптік қатерлерді басқару жүйесін жетілдіруге;

         5.12. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға;

         5.13. Кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізу шараларын қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

         5.14. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлердің алдын алуға немесе оларды төмендетуге, кәсіпорындарда еңбектің қорғалуын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүргізуге ықпал етуге;

         5.15. Республика кәсіпорындарында және ұйымдарында өндіріс жағдайларында ғылыми зерттеулердің апробациясын жүргізуге және нәтижелерін енгізуге жәрдемдесуге;

         5.16. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушінің және (немесе) қызметкерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға;

         5.17. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді, мемлекеттік нормативтерді және стандарттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестерде, техникалық комитеттерде және жұмыс топтарында бірлескен жұмыс жүргізуге;

         5.18. Өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауруларды төмендету үшін еңбекті қорғау, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жаңа инновациялық технологияларды және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалануға;

         5.19. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№ 200) ұсынымдарын ілгерілету жөнінде шаралар қабылдауға;

         5.20. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 конвенциясын іске асыру жұмысын жалғастыруға;

         5.21. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша симпозиумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізуге;

         5.22. Халықтың барлық топтары арасында экологиялық білімді таратуға және экологиялық ынталандырылған мәдени дағдыларды қалыптастыруға;

         5.23. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамытуға;

         5.24. Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиімді қатысуын қамтамасыз етуге;

         5.24-1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорындарда және ұйымдарда қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізуге уағдаласты.

 

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         5.25. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына байланысты сақтандыру тарифтерін қалыптастыру жүйесін жетілдіру.

         5.26. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен  жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын жұмыс орнындағы нақты еңбек жағдайларына байланысты беру тәсілдерін жетілдіру.

         5.27. Тиісті кәсіптік стандарттарды және заманауи технологияларды пайдалануды ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

         5.28. Еңбек жағдайларын бағалау және жұмыс істеушілердің денсаулығын жақсарту, кәсіптік қатерлерді анықтау мен бағалау және оларды басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.

         5.29. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерін келісілген түрде шешу.

         5.30. Халықаралық нормалармен және стандарттармен қажетті үйлесімділігін ескере отырып, сақталуы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормативтік-техникалық құжаттарды қабылдау.

         5.31. Өндіріс қауіптілігінің классификациясы негізінде қатерлерді басқару жүйесін құру.

         5.32. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерін аттестаттау және олардың білімін тексеру рәсімдерін жетілдіру.

         5.33. Өнеркәсіптік және экологиялық қадағалау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру.

         5.34. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

    Федоров ауданы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         5.35. Өнімділігі жоғары, еңбек жағдайлары қауіпсіз жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу.

         5.36. Жұмыскерлердің өкілдерін тарта отырып, өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

         5.37. Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін енгізу.

         5.38. Еңбек ұжымдарында міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша жұмыскерлердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау.

         5.39. Өз жұмыскерлеріне қолайлы еңбек және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету.

         5.40. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау жөніндегі персоналды оқытуға, кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу шараларын қабылдау.

         5.41. Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексеріліп қаралуын жүргізу және ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыскер тіркелген жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен жұмыскерлерге жүргізілген медициналық тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды актінің ұсынымдарын уақтылы және бірлесіп орындау.

         5.42. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытында жүргізу және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге заңнамада, ұжымдық шарт, салалық келісім шарттарында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

         5.43. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

         5.44. Қоршаған ортаға техногендік сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерін төмендету.

         5.45. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету.

 

    Федоров ауданы жұмысшыларының өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         5.46. Тиісті кәсіптік стандарттарды ескеріп заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

         5.47. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға және олардың жұмысына қатысу.

         5.48. Жұмыскерлердің еңбек және санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың адын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

         5.49. Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

         5.50. Еңбек кодексінде және өзге де заңнамада көзделген тәртіппен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

         5.51. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлерді, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сауықтыру, атап айтқанда санаторий-профилакторийлерде, санаторий-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.

         5.52. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау тұрғысынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

         5.53. Өндірістік объектілердегі және өзге ұйымдардағы авариялар, инциденттер туралы жұмыс берушіні шұғыл түрде хабардар ету.

         5.54. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбиені дамыту.

         5.55. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге заңнамаға сәйкес қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларды ұжымдық шарттар мен келісімдерге енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу.

         5.56. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізуге қатысу.

         5.57. Еңбек қызметіне байланысты ұйымдарда болған жазатайым оқиғаларды тергеуге өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.

         5.58. Салалық және өңірлік келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүргізуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

         Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, сондай-ақ оған сәйкес салалық және өңірлік үшжақты келісімдер мен ұжымдық шарттарда бекітілген шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандыру.

 

VI бөлім

Әлеуметтік әріптестік

 

Тараптар бірлескен күш жұмсауға міндеттенді, олар мынаған бағытталған:

 

         6.1. Консультациялар өткізуге, салалық, өңірлік деңгейде келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қостанай облыстық үшжақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарында талдау нәтижелерін қараумен әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс практикасына мониторинг пен талдау жүргізуге.

         6.2. Әлеуметтік әріптестік тараптарының консультациялары мен келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тараптарда интернет-ресурстар болған кезде тараптардың интернет-ресурстарында үнемі жариялауға, өзіне алынған міндеттемелерді орындау жағдайы туралы ақпаратты жариялауға.

         6.3. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөнінде барлық байланысты шараларды жүргізуге.

         6.4. Тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жүргізуге.

         6.5. Кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.

         6.6. Халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарттарын іске асыруға жәрдемдесуге.

         6.7. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыруға, кіріс саясатын жетілдіруге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға.

         6.8. Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес, Облыстық комиссия туралы жаңа ережені қабылдауды көздейтін Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияны жаңғыртуға.

 

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

        

         6.9. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуға, Келісімде айқындалған міндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.

         6.9-1. Облыстың әлеуметтік әріптестік жүйесінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарға консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуге.

         6.10. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жиһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі - ДЭФ ЖБИ) «Еңбек нарығының тиімділігі» факторының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруға.

         6.11. Кәсіподақтардың, жұмыс берушілер ұйымдары және олардың бірлестіктерінің қызметіне кепілдік беру мен  құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын, Қазақстан қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарды және ұлттық заңнаманы бұзудың анықталған фактілерін жою шараларын қабылдау мақсатында олар туралы ақпарат алмасуға.

         6.12. Елдің кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеумен қамтуды кеңейтуге жәрдемдесуге.

         6.13. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастыру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге, өтінімдерді қарауға және бағалауға, сондай-ақ облыстың деңгейде лауреаттарды анықтауға және марапаттауға.

         6.14. Салалық және өңірлік деңгейлердегі келісімдерді  әзірлеуге және қабылдауға  қатысу үшін тепе-теңдік негізде жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатарынан бақылаушылар тобын қалыптастыруға.

         6.15. Келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу бойынша қалыптастырылған бақылаушылар тобы облыс, қала және аудан деңгейінде салалар бойынша жеке жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты жыл сайын жартыжылдық негізде Комиссияға қарауға ұсынады.

         6.15-1. Еңбек ұжымдарында әйелдер мен еркектердің абыройын төмендететін жынысы бойынша кемсітудің кез келген түріне, ауызша зорлық-зомбылыққа, жыныстық қудалауға және басқа да мінез-құлыққа тыйым салу жұмыстарын жүргізуге.

         6.16. Әлеуметтік-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар кешенін қабылдауға уағдаласты.

         6.16-1. Тараптар әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдердің алдын алуда және ескертуде Тараптардың қатысуының мынадай алгоритмін қарастырсын:

         - азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды тұрақты талдау және мониторингілеу;

         - еңбек қатынастары саласындағы бар және айқындалған проблемалық мәселелерді шешу бойынша практикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы келісілген ұсыныстар әзірлеу;

         - мемлекеттік органдардың қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін тұрақты қарау;

         - әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жанжал жағдайының туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарымен ай сайынғы жұмыс кездесулерін өткізуді қарастыру.

         6.17. Облыстық, салалық және өңірлік келісімдердің, ұжымдық шарттардың орындалуына жыл сайынғы негізде талдау жүргізуге.

         6.18. Әлеуметтік әріптестік жүйесінің жұмыс істеуіне талдау жүргізуге және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялар аясында талдау және тәжірибе нәтижелерін қарауды жүзеге асыруға.

         6.19. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын, ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды дайындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға.

         6.20. Өзіне алған міндеттемелерді орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшін осы Келісімде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар және материалдар, статистикалық деректер алмасуға.

         6.21. Еңбек нормативтерін іске асыруды және кәсіпорындардың еңбекті нормалау жүйесімен қамтылуын кеңейтуді қамтамасыз етуге.

         6.22. Тең және бірдей біліктілікке сәйкес келетін жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекке ақы төлеу саласындағы теңдік және мүмкіндік қағидаттарын сақтауға.

         6.23. Экономика салаларында еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеу жөнінде консультациялар өткізуге.

         6.24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келісімдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиісті міндеттемелерді қарастыруға;

         6.25. Әрбір жұмыскердің ұйым қызметінің түпкі нәтижелеріне қосқан үлесін ескеретін және жоғары өнімді еңбекті ынталандыруға бағытталған еңбекке ақы төлеудің тиімді және икемді жүйелерін қолдануға.

         6.26. Уақытылы және толық еңбекке ақы төлеу құқығын іске асыру бойынша мәселелерді шешуде атқарушы билік органдарымен, мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға.

         6.27. Еңбекке ақы төлеу мәселелері жөнінде заңнаманы іске асыру жағдайына талдау және бағалау жүргізуге, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

         6.27-1. Еңбек нарығындағы жағдайға және жұмыскерлерге еңбекақы төлеу деңгейіне байланысты тарифтік саясатты реттеу бөлігінде монополияға қарсы заңнамаға түзетулер енгізу, сондай-ақ тарифтерді қарау кезінде кәсіпорындар персоналының нақты емес, нормативтік санын ескеру.

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         6.28. Ақпаратпен алмасу, консультациялар, келіссөздер, кеңестер, жұмыс кездесулері нысанында әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету.

         6.29. Әлеуметтік әріптестікті үйлестіру және салалық және өңірлік деңгейлерде тиімді әлеуметтік диалогқа ықпал ету.

 

    Федоров ауданы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         6.30. Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ұйымдарда құқықтарды қорғау және ассоциациялардың еркіндігі туралы», № 135 «Кәсіпорында еңбек ететін өкілдердің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылған мүмкіндіктері туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.

         6.31. Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен кездесулерді ұйымдастыру шараларын қабылдау.

         6.32. Жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

         6.33. Жұмыс берушілердің арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

         6.34. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсімдерін сақтау шараларын қолдану.

         6.35. Келісім комиссияларының тиімді қызмет етуі үшін жағдайлар жасау.

 

   Федоров ауданы жұмысшыларының өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

         6.36. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

         6.37. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберінде шешу және заңсыз ереуілдерді, жиындарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеу бойынша шараларды қабылдау.

         6.38. Жеке еңбек дауларын шешудің қалыптасқан практикасын зерделеу және оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындау.

         6.39. Ұжымдық шарттар жасасуға бастамашылық жасайды және ұжымдық-шарттық науқанды дайындауға және өткізуге қатысады. Ұжымдық шарттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;

         6.40. Осы Келісімді медиа сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады;

         6.41. Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алуға және еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына қатысады.

 

VII бөлім

Қорытынды ережелер

 

Осы Келісімнің ережелерін Тараптардың орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:

 

         7.1. Осы Келісім 2024 жылғы «29» сәуірде  бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.

         7.2. Облыстық келісім мемлекеттік органдарға, жұмыскерлер мен олардың өкілдеріне, меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдің қатысуы бар заңды тұлғалар мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.

         7.3. Тараптар Келісімді 2024-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу жөніндегі басым бағыттарды және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

         7.4. Осы Келісім және Комиссияның ұсынымдары (шешімдері)  әлеуметтік әріптестік туралы қалалық және аудандық келісімдерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болады.

         Ұжымдық шарттар жасасу, ұжымдық шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ұжымдық шарттар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, осы, қалалық және аудандық (олар болған кезде) келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолдануға жатпайды.

         7.5. Кейінгі жылдарға арналған Өңірлік келісім 2024 жылғы
1 сәурден кешіктірілмей жасалады.

         7.6. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

         7.7. Өңірлік келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның ережесінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

         7.8. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         7.9. Тараптарға аудандық және қалалық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе Облыстық келісімге сәйкес жаңаларын жасау қажет.

         7.10. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Келісімде көзделген, өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапты болады.

         7.11. Тараптар нақты мерзімдерін және орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі                       іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны Комиссия бекітеді.

         7.12. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпаратты дайындайды. Келісімнің ережелерін орындалу барысын Комиссия жарты жылда бір рет қарайды.

         7.13. Тараптар Облыстық үшжақты комиссияның қызметін және Келісімді іске асыру барысын жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдардың үнемі жарияланып тұруын қамтамасыз етеді.

         7.14. 2024 жылғы «29» сәуірде Федоров ауылында 3 (үш) данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы болады.

 

 

 

 

Осы Келісімге мыналар қол қойды:

 

Федоров ауданы әкімдігінің атынан

 

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан

 

 

 

Жұмыс берушілердің бірлестігінің атынан

 

 

Федоров ауданының

әкімі

 

 

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы

 

 

 

«Федоров ауданының кәсіпкерлер және фермерлер одағы» ҚБ төрағасы

 

 

Т. Исабаев

 

 

З. Шашкова

 

 

Д. Сиитова