«Тегін заң көмегі күні»

«Тегін заң көмегі күні»

А.ж. 29 наурызда Федоров ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы фронт-офисте өткен «Тегін заң көмегі күні» акциясына адвокат Е. К. Кокушев пен нотариус А. Т. Искакова қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты аудан тұрғындарына сапалы тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

Тілек білдірушілер заңгерлерге түрлі мәселелер бойынша жүгінді: мұрагерлік құқық, жылжымайтын мүлікті ресімдеу, зейнеткерлік жас, алимент төлеу, ерлі-зайыптылар арасындағы бірлескен мүлікті бөлу, үйді газдандыру. Барлық сұрақтарға құқықтық жағдайларды шешу үшін қажетті кейінгі іс-қимылдарды түсіндіре отырып, егжей-тегжейлі жауаптар берілді.