Ветеринариялық анықтама беру тәртібі

Ветеринариялық анықтама беру тәртібі
    1. Ветеринариялық анықтаманы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен береді. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық анықтама ветеринариялық дәрігермен беріледі.

          Ветеринариялық анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ауылдық округтің ветеринариялық пунктіне өтініш береді.

    1. Ветеринариялық анықтама беру үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысы айқындаған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның маманы өтініш пен құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.
    2. Балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет.
    3. Ветеринария саласындағы маман жануарды, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануарлар туралы мәліметтер, сондай-ақ жүгіну сәтінде аумақтың эпизоотиялық ахуалын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау негізінде ветеринария саласындағы маманның қолы қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді. Жануарлардың шығу орнының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың эпизоотиялық жағдайы өзгерген кезде бұрын берілген ветеринариялық анықтама алынады.

          Ветеринариялық анықтама ҚР аумағында жарамды.

    1. Жануарларға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, жануардан алынатын сүтке – берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
    2. Ет және ет өнімдеріне (қосалқы өнімдерге) арналған ветеринариялық анықтама ветеринариялық таңбаның немесе мөртабанның бедерлері болған кезде беріледі.
    3. Ветеринариялық анықтама бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
            8. Ветеринариялық құжаттар кейіннен тиісті ветеринариялық құжат бланкісінде басып шығарыла отырып, ЕАСУ АЖ-да қалыптастырылады.