Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

Ветеринария  саласындағы  мемлекеттік  қызмет  көрсету

Экспортқа бағытталған кәсіпорындар туралы ақпарат алу үшін «ҚР АШМ ВБ және ҚК  Федоров  ААИ»   ММ   келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:

1.«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру».

2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру».

3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».

4.«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру».

5.«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».

Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру Қағидаларының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген «Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру Қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді». Демек, зернофураж, жемшөп, жемшөптік қоспалар элеваторларда, сақтау қоймаларда, АҚК және басқа да ұқсас ұйымдарда дәнді мал азығын, жемшөпті, жемшөп қоспаларын сақтаумен, олардың орналастырумен айналысатын көрсетілген кәсіпорындарда олардың орны ауыстырылған.

Сонымен,сою пунктерге, ет өндейтін кәсіпорындарға дейің малдарды тасымалданған жағдайда, сондай-ақ етті шұжық цехына, зернофуражды, жемшөпті және жемшөп қоспалары тасымалданса, қазақстандық болған жүкті, шығарылған жүкті белгілеуді, иесі ауыстырылғанын дәлелдеу үшін  оларда ветеринариялық анықтама болу қажет.

Осылайша, уақытында   керекті   құжаттарды   (ветеринариялық   анықтама, сынақ хаттамасы, ветеринариялық   рұқсат)   қамтамасыз   етілгенде  өтініш  берген  күні  немесе  екінші күні   ветеринариялық сертификат алуға болады, негізгі белгіленген  мерзім  екі  күннің ішінде.

Жоғарыда барлық тізілген жағдай  - бұл   импорттаушы  елдердің   талабы, бұған Қазақстан жауапты, өйткені отандық  өнімді экспорттайды. Орындамаған   жағдайда  біздің  елге  импортталатын  елдердің   нарығы  жабылып   қалуы   мүмкін .   Жүк   жөнелтуші  біріншіден  сапалы   тауар  экспортау   керек .

Нақты  ақпаратты  «ҚР  АШМ  ВБ ж ҚК Федоров ААИ» ММ, Федоров а.  Кравцово  көшесі №30 б , тел .33-6-48.

 

Бас маман    Федоров ААИ                                            Е.Помаз