
Воронеж жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған " 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!"атты салтанатты жиын өтті. Әңгіме барысында оқушылар осы күннің тарихы туралы айтып, әскери парадтан бейне көрсетілді, балалар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлерінің түрлерімен танысты. Әр оқушы "Отан қорғаушысы"деген мағынаны қалай түсінеді деген сұраққа жауап берді. Әңгіме соңында балалар бүкіл әлемге балалар әлемде бейбітшілік тіледі.