Құрметті азамат!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттарды сайлау өтеді. Дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары өз пікірлерін білдіре алады.
Сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды жүзеге асырудың кепілі – сіздің азаматтар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады. Тізімдерді жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) нақты учаске аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тұрған жері бойынша әкімдікке өтініш беру негізінде тізімге енгізіледі.
Егер Сіз сайлау күні тіркелген жеріңіздегі дауыс беру учаскесіне келе алмасаңыз, дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін алу үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне аласыз.
Бұл құқықты пайдалана алады:
Азамат тек бір ғана азаматтар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Азаматтар тізіміне енгізу және шығару, сондай-ақ деректеріңізді нақтылау мәселелері бойынша Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар:
8-714-42-2-14-43
Федоров ауданы әкімінің аппараты