
Шығармашылық тандем
28 сәуір күні Федоров аудандық балалар кітапханасында аудан орталығының оқушыларына арнап шақырылған жазушы Алексей Васильевич Олексюк пен қостанайлық белгілі суретші-иллюстратор Нина Сергеевна Олексюк-Коровинаның қатысуымен «Шығармашылық тандем» кеш-портреті өткізілді. Қонақтар өздері туралы, өз шығармашылықтары туралы айтып берді, сондай-ақ иллюстрациялар жасау және поэзия бойынша қызықты шеберлік сыныптарын өткізді.