«Көктем, махаббат және сұлулық туралы»

«Көктем, махаббат және сұлулық туралы»

5-наурыз күні Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында «4 сезона» клубының қатысушыларына арналған «Көктем, махаббат және сұлулық туралы» әдеби-музыкалық кеші өтті. Қатысушыларды «Жастар» АМҮ әртістері Оңғар Жоламанов пен Тоқтар Қуандықов музыкалық қойылымдармен құттықтады. Сонымен қатар, қонақтар түрлі тақырыптық байқаулар мен викториналарға белсене қатысты. Іс-шара шай ішумен аяқталды; кеш жылы, достық атмосферасында өтті.