Назар салыңыздар!

Назар салыңыздар!

Назар салыңыздар!

  «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес, белгіленген нормалар шегінде коммуналдық қызметтер үшін шығыстары отбасының жалпы табысының 5% - нан асатын азаматтардың (отбасылардың) тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар. 

  Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және Федоров ауданының аумағында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі -  қызмет алушы) жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі.

Кеңес алу үшін «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады

Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53, тел: 21-9-96

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.     

   Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:   

   1) Мемлекеттік корпорацияға:

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы 9-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

     өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

     отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

     жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

     балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент туралы мәліметтер;

     банк шоты;

     тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

     коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

     телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;     

    2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталында:

    көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

     отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

       жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;

       балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

       банк шотының электрондық көшірмесі;

       тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

       коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

       телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

       жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынған жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.