
24-қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров ауылының тұрғындары қатысуымен «Кітап және Интернет: бақталас па, әлде одақтас па?» науқанын өткізді. Науқан сұрастыру түрінде жүргізілді. Атап айтқанда, қорытындысы бойынша респонденттердің көпшілігі көркем әдебиетті қағаз түрінде де, электронды форматта да оқитыны белгілі болды. Сондай-ақ, көпшіліктің пікірінше, кітаптар мен интернет бір-бірін толықтырады және болашақта үйлесімді өмір сүреді.