
10 қараша күні аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардыі халық шығармашылығы байқау-фестивалі бастау алды.Алғаш болып өз өнерлерін Первомай ауылдық клубының көркемөнерпаздары ұсынды. Ауыл көркемөнерпаздарын сәтті бастамаларымен құттықтаймыз!