«Ашық есік күні»
2025 жылғы 15 мамырдағы «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік күні» бекітілген кестесі аясында Федоров ауданы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді, оның барысында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бағдарламасы бойынша түсініктемелер берілді.