«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді

«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді

«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы

Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді

30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығының таңдаулы өкілдерінен тегін келіп, қажетті кеңес ала алады. Олардың қатарында атақты адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары, т.б.

Акцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Федоровский ауданында бұл науқан 30 мамырда сағат 11:00-де, мына мекенжайда өтеді: с. Федоровка, көш. Гоголя 15, «Жастар» РДК.