Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында аудан тұрғындары түрлі құқық салаларындағы мәселелер бойынша білікті кеңестер ала алды.

Акцияға адвокат Ж.С.Жангабулова, жеке сот орындаушысы Нуржанов Ж.К., нотариустар Искакова А.Т., Москалюк М.М., заң консультанты Моисеенко В.А., сонымен қатар ауданның мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Акцияға қатысушылар азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да заңнама мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және халықтың кең топтары үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.