23 мамыр күні Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» ХХХVII көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқау-фестивалінің гала-концерті өтті. Біздің ауданның әртістері өздерінің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсете отырып, Федоров ауданы 1-орынға ие болғанын үлкен мақтанышпен хабарлаймыз! Соңғы 3 жылда бас жүлдені иемденген Федоров ауданы биылда жеңімпаздар қатарынан болды. Бұл жолы да фестивалға Федоров ауданының өнерпаздары тыңғылықты әзірленген. Фестивалға Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов қатысты. Халықтың ыстық ықыласына бөленген Федоров өнерпаздары лайықты жетістіктің бағасын алды. Келер жылы өнерпаздарымыз тағыда жүлделі орындардан көрінеді деп сенеміз!