
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Воронеж ауылдық округінде елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Округ тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еңбек ұжымдары көшелер мен қоғамдық аумақтарды тазалау жұмыстарына белсенді қатысуда.
Іс-шаралар барысында қоқыс жинау, көң шығару, арамшөптерді шабу, аула маңындағы аумақтарды тазарту, саябақтар мен скверлерді абаттандыру, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
«Таза Қазақстан» акциясы адамдарды туған ауылдарын таза, көрікті әрі жайлы ету мақсатында біріктіреді. Абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады, ал әрбір тұрғынның қосқан үлесі округтегі тазалық пен тәртіпті сақтауға септігін тигізеді.