
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Воронеж ауылдық округінде жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және округ тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жол белгілерін орнату жұмыстары аумақтың тәртібі мен көркейтілуіне оң ықпал етеді.