
Биліктің халықпен ашықтығы, қолжетімділігі және белсенді өзара іс – қимылы "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасының негізгі қағидаттары болып табылады. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" бастамасы аясында ауылдық округ әкімінің халықпен тұрақты кездесулерін қамтитын түрлі коммуникация арналары пайдаланылады. 2025 жылғы 23 желтоқсанда Воронеж ауылдық округінің әкімі Н. Жұпар аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округ әкімі округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, сондай-ақ 2026 жылға арналған даму жоспарларын айтты. Кездесуге аудан әкімі Т.Қ. Исабаев қатысып, тұрғындарды Федоров ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, округ тұрғындарының қойған сұрақтарына және 2026 жылға арналған жоспарларына жауап берді. Кездесу соңында Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев тұрғындарға маңызды мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, бірлескен күш-жігермен округ өмірінде оң өзгерістерге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді. Кездесу биліктің халықпен ашық диалогқа деген ұмтылысын және халықтың проблемаларын шешуге дайындығын көрсете отырып, сындарлы және достық атмосферада өтті.