Таза Қазақстан" акциясы аясында зиратты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Успеновка ауылында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде зират аумағында тазалау және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға 62 ауыл тұрғыны белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау және тарихи-мәдени нысандарға құрмет көрсету мақсатында бірлесіп еңбек етті. "Зираттарды тазалау – бұл тек тәртіп сақтау ғана емес, сонымен қатар ата-бабалар рухына тағзым етіп, олардың мәңгілік мекеніне қамқорлық таныту" Іс-шара аумақты тәртіпке келтіріп қана қоймай, келушілерге тыныш әрі құрметке толы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді.