Терроризм қаупі төнген кезде өзін-өзі ұстау ережелері
Қоғамдық орындардағы күдікті адамдарға, иесіз заттарға (сөмке, пакет) назар аударыңыз. Олар туралы полицияға хабарлаңыз.
Террористер жиі базарлар, вокзалдар, сауда орталықтары сияқты халық көп жиналатын орындарды таңдайды. Мұндай жерлерде қажетсіз ұзақ болмаңыз.
Төтенше жағдайда жеке басыңызды анықтап, жақындарыңызға немесе құтқару қызметтеріне хабарласу маңызды.
Жарылғыш құрылғылар тұрмыстық заттар түрінде жасырылуы мүмкін. Осындай затты байқасаңыз, дереу алыстап, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Сабыр сақтаңыз, жасырынып қалуға болатын орын іздеңіз (қабырғалар, тіректер, бетон бөгеттер).
Дүрбелеңге берілмеңіз, жүгірмеңіз.
Жерге жатып, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз.
Егер кепілге түссеңіз, қарсылық көрсетпеңіз, террористердің талаптарын орындаңыз.
Жарақат алғандарға көмек көрсетіңіз, жақындарыңызға хабарласыңыз және құқық қорғау органдарының нұсқауларына бағынңыз.