ЭЦҚ — сіздің электрондық қолтаңбаңыз. Оны жеке куәлік пен банк деректері сияқты мұқият қорғаңыз!
- ЭЦҚ файлдарын, құпия сөзді және ақпараттық жүйелерге кіру деректерін басқа адамдарға бермеңіз.
- ЭЦҚ-ны WhatsApp, Telegram, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы қажетсіз жібермеңіз.
- Күрделі құпия сөз қолданыңыз, оны басқа адамдарға айтпаңыз және ЭЦҚ файлдарымен бірге сақтамаңыз.
- ЭЦҚ-ны жалпыға қолжетімді компьютерлерде, бөтен флеш-жадтарда және қорғалмаған бұлтты қоймаларда сақтамаңыз.
- Құжатқа қол қою алдында оның мазмұнын, алушыны және қол қойылатын құжаттарды мұқият тексеріңіз.
- Күмәнді сайттарға кірмеңіз және белгісіз адамдар жіберген сілтемелер арқылы ЭЦҚ құпия сөзін енгізбеңіз.
- Белгісіз адамдардың өтініші бойынша бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз, әсіресе компьютерге қашықтан қол жеткізуді сұраған жағдайда.
- Операциялық жүйені, браузерді және антивирустық бағдарламаны үнемі жаңартып отырыңыз.
- ЭЦҚ немесе оның құпия сөзі бөгде адамдарға белгілі болды деп күдіктенсеңіз, ЭЦҚ сертификатын дереу кері қайтарып, жаңасын алыңыз.
- Есте сақтаңыз: ЭЦҚ заңды маңызға ие, сондықтан оны пайдалану үшін жауапкершілік оның иесіне жүктелуі мүмкін.
⚠️ Негізгі ереже
ЭЦҚ құпия сөзін ешкімге айтпаңыз және ЭЦҚ кілттерінің файлдарын бөгде адамдарға бермеңіз!