
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында арамшөптерді шабу және жинау, қоршауды әктеу, бос жатқан жер теліміндегі шөпті шабу және қоқысты жинау жұмыстары жүргізілді. Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және әрбір тұрғынның туған өлкенің тазалығы мен абаттандырылуы үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.