Таза Казахстан

Таза Казахстан

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Первомайское ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне іргелес аумақта арам шөпті шабу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарды «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары орындады. Өткізілген іс-шаралар санитарлық тәртіпті сақтауға, қоғамдық аумақтарды абаттандыруға және ескерткіш жерлерді тиісті жағдайда сақтауға бағытталған.