Түзетудің 8 жаңа сервисі қолжетімді

Түзетудің 8 жаңа сервисі қолжетімді

EGov.kz порталы мен eGov Mobile-да деректерді түзетудің 8 жаңа сервисі қолжетімді

 Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі қате деректерді өзектендіруге және мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік береді.

 Мәліметтерді түзету үшін қажетті ақпараттарды толтырып, қате болған жерін сипаттап, қажет болған жағдайда сәйкес құжаттың көшірмесін тіркеу қажет. Сондай-ақ, «Мәліметтерді түзету сервистері» eGov Mobile мобильді қосымшасының басты бетінде қолжетімді.

Карусельде Сіз қызметтер тізімімен таныса аласыз.