Іс-шара барысында балалар Әлияның өмірі мен ерлігі, оның әскерге ерікті түрде қосылып, майдандағы батырлығы мен ерлікпен қаза тапқаны туралы білді. Презентация, хаттар мен майдандас жолдастарының естеліктері сол кездің рухын жеткізуге көмектесті.
Тарих сағаты жылы әрі мазмұнды жағдайда өтті. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Іс-шара патриоттық тәрбие мен тарихи жадымызды сақтау ісіне өз үлесін қосты.