«Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Костряков ауылдық округі аумағында экологиялық іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда.

«Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Костряков ауылдық округі аумағында экологиялық іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда.

Қоғамдық жұмысшылар тұрмыстық қалдықтарды — пластикалық бөтелкелерді, шыны банкілерді, полиэтилен пакеттерді және басқа да қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізуде.

Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Барша округ тұрғындарын осы бастаманы қолдауға және туған өлкеміздің тазалығына үлес қосуға шақырамыз! 💚