2020 жылдан бастап электрондық салық әмиянының функцияларын орындайтын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы енгізілді. «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларының дүкендерінен тегін жүктеуге, ал оған ЭЦҚ, sms-пароль арқылы (егер Сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз), сондай-ақ ЖСН және пароль арқылы авторландыра аласыз.
Қосмышаның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері:
2 минут ішінде салық төленеді; салық салу объектілері бойынша мәліметтерге түзету жүзеге асырылады;
жеке тұлғалар үшін декларация тапсырылады (240.00, 250.00,270.00, 700.00 салық есептілігі нысандары);
жеке шоттарды қарау; МКБ қызметерін ұсыну сапасын бағалау; мүлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінімдер беру; жолаушылар-кедендік декларацияны тапсыру; ЖТ банкроттық өтініш беруі;
Мемлекеттік кірістер органдарына электрондық кезекті онлайн брондау, салық күнтізбесі, айыппұлдардың болуын тексеру, шығуға тыйым салу, салық төлеушілерді іздеу, соның ішінде сенімсіз және т.б. салық төлеушілерді.
Сонымен қатар, электрондық салық әмиянында «қызметкерлердің еңбек ақысы» сервисі, есептелген ЖТС, зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру сомалары туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Пайдаланушылар үшін бағдарламалардың интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіншіліктері бар.
Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған келісі қызметтері бар: активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы декларацияның бөлігі ретінде ұсынуға; салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге; салық берешегін тексеру; артық төленген салықтарды есепке жатқызу; мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу; салық обьектілерін қарау (жылжымайтын және мүлік және көлік); жылжымайтын мүлік және жылжымалы көздер туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру; мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруын онлайн брондау.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.