Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Ту, Елтаңба, Әнұран – ұрпаққа мұра» атты флешмоб өткізілді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, тәуелсіздігін, бірлігі мен ұлттық құндылықтарын айқындайтын қасиетті белгілер. Іс-шара барысында қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.