
Балалар еліміздің мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мағлұмат алып, олардың шығу тарихы мен маңызын білді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Қатысушылар Отан туралы өлеңдер оқып, мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерімен бөлісті.
Алған білімдерін бекіту мақсатында балалар Ту мен Елтаңба бейнелерін бояп, шығармашылық тапсырма орындады.
Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.