
Әкімдік қызметкерлері «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелерімен бірлесіп, «ГРАНД» ЖШС-нің арнайы техникасының қолдауымен жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне іргелес аумақтағы қураған бұтақтарды жинау және шығару жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асырды.
Мұндай іс-шаралар әлеуметтік жауапкершіліктің, өзара көмек пен аға буынға деген қамқорлықтың жарқын үлгісі болып табылады. Елді мекендерді абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі.