
Бүгін мектебіміздің аумағында ең мейірімді әрі қуанышты мерекелердің бірі — Балаларды қорғау күніне арналған тамаша іс-шара ұйымдастырылды!
Оқушыларды көңілді әндер , әсерлі билер , қызықты ойындар мен тартымды тапсырмалар күтіп тұрды. Бұл мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлады!
Мерекенің соңында барлық балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Тәтті сыйлықтарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін «Мечта» дүкеніне, «Гранд» ЖШС және "Қаракөл"Шекара қызметі шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында балалар мерекесі одан әрі жарқын әрі қуанышты өтті!
Әрбір баланың балалық шағы бақытқа, қамқорлыққа және мейірімге толы болсын!