
Іс-шара аясында оқушылар мен педагогтар азаматтардың қауіпсіздігі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет үшін маңызы туралы әңгімелесті.
Сондай-ақ, "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларға қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығы, табиғатқа ұқыпты қарау және әр адамның туған өлкесінің тазалығы үшін жауапкершілігі туралы айтылды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.