
Балалар бірнеше танымдық аялдамаларға қатысты. «Туған өлкенің табиғаты» аялдамасында балалар емдік шөптерді жинап, біздің өлкеде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы білді. «Халық даналығы» аялдамасында Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Ал «Тарихи» аялдамасында викторина өткізіліп, балалар ауылымыздың қашан құрылғанын және біздің ауылда қандай дақылдар өсірілетінін білді.
Өлкетану ойындары туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейді.