7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің оқушылары Курское ауылындағы шекара заставасы қызметкерлерінің шақыруымен танымдық экскурсияға барды.

7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің оқушылары Курское ауылындағы шекара заставасы қызметкерлерінің шақыруымен танымдық экскурсияға барды.

Оқушылар шекарашылардың жауапты әрі күрделі қызметімен танысып, олардың күнделікті жұмысы, қызмет ету жағдайы және мемлекеттік шекараны қорғаудағы міндеттері туралы мәлімет алды. Застава қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарды көрсетіп, олардың қолданылуы мен маңызы жайлы түсіндіріп өтті.