
9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында біз батырлардың ерлігіне тағзым етіп, тарихи орынның тазалығы мен тәртібін сақтауға өз үлесімізді қостық. Осындай игі істер жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, тарихқа деген құрметті және бейбіт өмір сыйлаған ерлерге алғыс білдіруді қалыптастырады.