«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Федоров ауданы білім бөлімінің Қостряков жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары мен ұжымы ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушылар белсенді қатысып, мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Мұндай акциялар ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және абаттандыруға бағытталған.