Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері аумақты санитарлық тазарту бойынша сенбілік өткізді. Іс-шара барысында көше бойында және автомобиль жолдарына іргелес учаскелерде қоқыс жинау ұйымдастырылды.

Қызметкерлер елді мекенді абаттандыруға белсенді қатысты: тұрмыстық қоқыс жиналды, жол жиектері тазаланды, қоғамдық кеңістіктер ретке келтірілді. Мұндай іс-шараларды өткізу экологиялық жағдайды жақсартуға, тұрғындар арасында тазалық пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.