
Кездесу барысында оқушыларға заңнаманың негізгі нормалары, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың теріс салдары түсіндірілді. Мектеп жағдайында буллингке қарсы іс-қимыл, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және жанжалды жағдайларға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, оқушылар терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларымен, төтенше жағдайлар туындаған кездегі мінез-құлық ережелерімен, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық және жол қозғалысы ережелерін сақтау негіздерімен танысты.