
Кездесу барысында маман жасөспірімдерге алкоголь мен темекінің адам ағзасына, әсіресе өсу және денсаулықтың қалыптасу кезеңінде тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндірді. Оқушылар зиянды әдеттердің жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелеріне кері әсері, созылмалы аурулардың даму қаупі, сондай-ақ тәуелділіктің қалыптасуы туралы мәлімет алды.
Сонымен қатар, жеке жауапкершілік, құрдастар қысымына қарсы тұра білу және салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Медицина қызметкері жасөспірім шақта денсаулықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың алкоголь мен темекіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру және өз денсаулығын сақтау мен нығайтуға ынталандыру болды.