
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Федоров аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Өрт қауіпсіздігі» және «ТЖМ академиясына түсу» тақырыптары талқыланды. Мамандар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелерімен таныстырып, өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді, сондай-ақ оқушыларға Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде оқу және қызмет ету мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.