«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауыл көшелерінің қиылыстарында жол белгілерінің сыртын жаңарту және бояу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар елді мекеннің эстетикалық келбетін жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.