
Жазғы мектептік еңбек практикасы аясында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы шеңберінде мектеп оқушылары мектеп аумағын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Оқушылар аумақты қоқыстан тазартып, гүлзарларды арамшөптерден тазартып, жасыл желектерге күтім жасап келеді. Мұндай іс-шаралар балалардың тазалық пен тәртіпке жауапкершілігін қалыптастырып, еңбекті және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелейді.