Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясындағы Костряков ауылындағы абаттандыру жұмыстары

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Костряков ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасының қатысушылары мен қоғамдық жұмысшылар бірігіп шөп шабу, қоқыс жинау және жүріп-тұруға кедергі келтіретін құрғақ ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізуде.

Атқарылып жатқан шаралардың мақсаты – ауыл тұрғындары үшін таза, жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру. Жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.