Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік бағдарламаны ұйымдастырып, жүргізген – Любовь Дмитриевна. Ол балаларға Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мағлұмат беріп, олардың тарихы мен маңызын түсіндірді.
Іс-шараның шығармашылық бөлімінде балалар түрлі-түсті қарындаштар мен бояулардың көмегімен мемлекеттік рәміздерді салып, өз Отанына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізді. 🇰🇿