Костряков ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
🌿 Қоғамдық жұмысшылар көшелерді тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарды ретке келтіруде белсенді еңбек етуде. Олардың еңбегі ауылды таза, жайлы және өмір сүруге қолайлы етуге бағытталған.
🤝 «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.