Бүгін Мусавирова Евдокия Нестеровнаға тыл еңбеккері ретінде мерейтойлық медаль салтанатты түрде табысталды.
Бұл марапат – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі, табандылығы мен ерлігі үшін білдірілген терең құрмет пен ризашылықтың белгісі.
Тыл еңбеккерлері майдандағы жауынгерлермен қатар Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар станок пен далада, зауыт пен шеберханада күн-түн демей еңбек етті. Сол ауыр жылдардағы ерлік – бүгінгі ұрпақ үшін нағыз үлгі.
Біз тыл ардагерлерінің есімін әрдайым ардақ тұтамыз. Олардың ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Евдокия Нестеровнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және туған-туыстарының ыстық ықыласын тілейміз.