оқушылармен кездесу

оқушылармен кездесу

Қосарал ауылдық округінің әкімі Байқадамова А.Ж. Қынарал жалпы білім беретін мектебінің 9,10,11-сынып оқушыларымен "Менің мамандығым – мемлекеттік қызметкер" тақырыбында кәсіпке бағдарлау іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында ол мемлекеттік қызметке түсу талаптары, қажетті базалық білім, мемлекеттік қызметкерлердің алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ белгіленген шектеулер мен жауапкершілік туралы айтып берді.