"Халық заңгері" акциясы

"Халық заңгері" акциясы

Бүгін, 2025 жылғы 28 қарашада сағат 16:00-де Қосарал ауылдық округінде, Кенерал жалпы білім беретін мектебі, Кенерал ауылында "Халық заңгері"акциясы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Әрбір азамат заң қоғамдастығының тәжірибелі өкілдерінен: адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, мемлекеттік органдардың басшыларынан және басқа да мамандардан тегін кеңес ала алады.