
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қоржынкөл ауылдық округінде аумақты жинау жұмыстары жалғасуда. Қоржынкөл ФАП қызметкерлері өз ғимаратына іргелес жатқан аумақты қоқыстан және түскен жапырақтан тазарту бойынша сенбілік өткізді. Олар тазалық - денсаулықтың кепілі деген қағиданы нақты біледі және ұстанады! Тек бірге ғана біз ауылдарымызды таза әрі әдемі ете аламыз!